"Кассир сияқтымын": "Қайрат" бапкері "Реалмен" болатын ойынға билет сұрап хабарласатындар туралы айтты
Опубликовано:
Читать на русском
Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Реал Мадридке" қарсы матч алдындағы дүрбелең өзіне де сезіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, билет сұрап хабарласатындар көп, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Билеттерге қатысты көп сұрайды, қоңырау шалады. Өзімді құдды бір "Қайрат" футбол клубының кассирі сияқты сезінемін. Шынымды айтсам, мен кассир емеспін, билет сатумен айналыспаймын. Жақындарыма бір-екі билет алсам, оның өзі жақсы", - дейді қазақстандық маман баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ Рафаэль Уразбахтин "Реалды" жеңген жағдайда ғана табысты нәтижеге қол жеткіздік деп санайтынын атап өтті.
Айта кетелік, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчына билеттер бүгін 17:00-де сатылымға шығады.
Билеттерді клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасында сатып алуға болады.
Бір ЖСН бойынша бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі.
Бұған дейін билеттердің бағасы туралы жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2289494-kassir-siiaqtymyn-qairat-bapkeri-realmen-bolatyn-oiynga-bilet-surap-habarlastyndar-turaly-aitty/