jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қайрат" "Реалмен" өтетін матчтың билеттер сатылымына қатысты мәлімдеме жасады

    "Қайрат" футболистері
    "Қайрат" футболистері. Фото: Арман Жақсығұлов / "Қайрат" ФК

    "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі алдағы "Реалға" қарсы ойынға билеттер түгел сатылып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Баспасөз қызметі атап өткендей, "Қайрат" пен "Реал" кездесуіне барлық билет сатылып кетті. УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді.

    "Стадион аумағына 18:45-тен бастап кірсе болады, яғни ойын басталардан үш сағат бұрын ашылады. Жанкүйерлерге тексеруден еркін өтіп, кезекте тұрмау үшін алдын ала келіңіздер дейміз. Стадионға үш жақтан, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынов көшесі жағынан кіре аласыздар.

    Freedom SuperApp арқылы сатып алынған билет матч күні көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі. Ал Qairat SuperApp мобильді қосымшасында шын QR-код ойынға бірнеше сағат қалғанда ғана пайда болады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Еске салсақ, Қазақстанда "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойынға билеттер сатылымы ресми түрде басталғаннан кейін интернет қолданушылары билеттерді сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрған болатын.

    Ал "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Реал Мадридке" қарсы матч алдындағы дүрбелең өзіне де сезіліп жатқанын жеткізген еді. Оның айтуынша, билет сұрап хабарласатындар көп.

    "Қайрат" "Реалмен" өтетін матчтың билеттер сатылымына қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.