jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қайрат" футбол клубына "Реалмен" ойыны қарсаңында айыппұл салынды

    "Қайрат" жанкүйері
    "Қайрат" жанкүйері. Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі

    Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіп және этика комитеті "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтарына айыппұл салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

    Кезекті отырыста матчтардағы ереже бұзушылықтар қаралды. Нақтырақ айтқанда, 14 қыркүйекте Алматыда өткен "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы алаң иелерінің 1:0 есебімен жеңісімен аяқталған ойыны талқыланды.

    Комитет "сары-қара" түсті киімдегі жанкүйердің қарсыластар мен төрешілер тобына дөрекі сөздер айтқанын атап өтті. Тіпті көрерменнің алаңға жүгіріп шыққаны да тіркелген.

    Осылайша "Команда жанкүйерлерінің ерсі әрекеті, ұйымдастырудағы қателіктер, қауіпсіздік ережелері мен Чемпионат Регламентінің талаптарын сақтамағаны үшін" "Қайрат" футбол клубына 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

    Жанкүйерлері қарсыластарына дөрекі сөз айтқаны үшін "Ақтөбе" клубы да жазаланды. Клубқа 60 АЕК (235 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

    Еске сала кетейік, енді "Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші турында ойнайды. 30 қыркүйекте команда Алматыдағы Орталық стадионда Мадридтің "Реалын" қабылдайды.

    "Қайрат" клубы өкілдерінің мәліметінше, мадридтіктерге қарсы ойынға билеттер түгел сатылып кеткен. Көптеген жанкүйер билет сатып алу кезінде қиындықтарға тап болды.

    "Қайрат" футбол клубына "Реалмен" ойыны қарсаңында айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.