Алматыдағы Орталық стадион "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынына дайын ба
Опубликовано:
Читать на русском
Алматылық команданың бас бапкері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орталық стадионның Чемпиондар лигасы аясындағы "Қайрат" - "Реал Мадрид" кездесуіне дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Брифинг барысында журналистер бапкер Рафаэль Уразбахтиннен әлемдік деңгейдегі концерттер өткізілгеннен кейін стадионның матчқа дайындығы, қарсыластары үшін онда ойнау қаншалықты ыңғайлы екенін сұрады.
"Қарсыластар туралы ештеңе дей алмаймын. Командада жоғары деңгейлі ойыншылар бар деп қана айтуа болады. Менің ойымша, оларға біздің алаңда ойнау еш қиындық тудырмайды. Бірақ біздің алаңымыз соншалықты жаман деп те айта алмаймын.
Стадиондағы көгалға көңіл бөлініп жатыр, қысқа мерзімде қолдан келгеннің барлығы жасалуда. Тіпті алдыңғы матчтармен салыстырғанда, алаң айтарлықтай жақсарды. Сондықтан онымен айналысып жүрген адамдар көгал ,бұдан да жақсы болады деп сендіріп отыр. Сол себепті біз ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпыз. Көгалдың жағдайы бұдан да жақсара түседі, бірақ қазір де сапасы жаман емес", - деді жаттықтырушы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2290373-almatynyng-ortalyq-stadiony-qairat-real-madrid-oiynyna-daiyn-ba/