Мбаппе, Винисиус пен Беллингем: "Реал" "Қайратқа" қарсы матчқа қандай құраммен шығатынын жария етті
Опубликовано:
Читать на русском
Испанияның "Реал" футбол клубы ресми сайтында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында қазақстандық "Қайратқа" қарсы ойынға қандай құраммен шығатынын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Командалар басты еурокубоктың екінші ортақ этабындағы екінші туры аясында кездеседі. Матч Алматыдағы Орталық стадионда сейсенбі, 30 қыркүйекте өтеді. Матч жергілікті уақыт бойынша 21:45-те басталады.
Испаниялық бапкер Хаби Алонсоның қоластындағы "Реал" алдағы матчқа мынадай құраммен шығады:
- Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
- Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
- Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Орельен Тчуамени, Федерико Вальверде, Арда Гюлер, Дани Себальос;
- Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Эндрик, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Мадридтіктер қорғаныста бірнеше ойыншысын "жоғалтты". Антонио Рюдигер, Ферлан Менди мен Трент Александер-Арнольд жарақат алуына байланысты "Қайратқа" қарсы ойынға қатыса алмайды. "Атлетикоға" қарсы соңғы ойында (2:5) жарақат алған команда капитаны Дани Карвахаль "қызыл қағаз" алуына байланысты ойыннан шеттетілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2291295-mbappe-vinisius-pen-bellingem-real-qairatqa-qarsy-matchqa-qandai-qurammen-shygatynyn-zhariia-etti/