jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны: бюджетке қанша қаражат түседі

    "Қайрат" ойыншылары
    "Қайрат" ойыншылары. Фото: "Қайрат" ФК-ның баспасөз қызметі

    Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны туралы сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Нұртас Кәріпбаев қазірдің өзінде тарихи матч саналып отырған Алматыдағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы арқылы бюджетке қанша қаражат түсетінін айтты.

    "Соңғы ақпарат бойынша, "Қайрат" – "Реал" матчының билеттері түгел сатылып кеткен. Туристерді қабылдауға барлық жағдай жасалған. 4 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде, бұл 2-3 млрд теңге (болжам бойынша – ред. ескертпесі) кіріс", - деді Нұртас Кәріпбаев.

    Еске сала кетейік, қазақстандық және испандық клубтар Чемпиондар лигасының екінші турында кездеседі. Матч Алматыдағы Орталық стадионда 30 қыркүйекте өтеді. Ойын жергілікті уақыт бойынша 21:45-те басталады.

    Алматыдағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны: бюджетке қанша қаражат түседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.