jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша Талғат Байсуфинов атқарады

    Фото
    Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов атқарады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ҚФФ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарына дайындайды.

    Байсуфинов бұған дейін ұлттық құраманы 2016-2017 және 2020-2022 жылдары екі мәрте басқарды. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарады.

    "ҚФФ Талғат Маруаұлының тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тілейді. Сонымен қатар ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкері қызметіне үміткерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Тізімде үш шетелдік маман бар", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кететінін мәлімдеген еді.

    Ол мұндай мәлімдемені ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы кездесуде Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылып қалғаннан кейін жасаған болатын.

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша Талғат Байсуфинов атқарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.