jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қайрат" – "Реал" тарихи матчы: алматылық клуб жанкүйерлеріне үндеу жасады

    Матч афишасы
    Матч афишасы. Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі

    "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі асыға күткен "Қайрат" пен "Реал" кездесуі басталмас бұрын жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қайрат" футбол клубының өкілдері Instagram желісіндегі аккаунтында жанкүйерлер стадион аумағына 17:45-тен бастап кіре алатынын еске салды.

    Дәл осы уақытта ойын алдындағы бағдарлама басталады.

    Бағдарламаға сай жанкүйерлерді мыналар күтеді:

    • УЕФА мен клуб серіктестерінің интерактив аймақтары
    • көңілді барабаншылар шоуы
    • жанкүйерлерге арналған тегін аквагрим
    • фудкорттағы дәмді тағамдар мен сусындар
    • трибунада клуб жалауларын тарату

    "Көрермендерден матч басталғанға дейін 3–4 сағат бұрын келуді сұраймыз. Бұл — стадионға кіреберістегі тексеріс пен бақылаудан өтуге, кезек пен ыңғайсыздықтың алдын алуға көмектеседі. Билетіңіз бен куәлік деректеріңізді алдын ала дайындап қойыңыздар.

    Матч 21:45-те басталады. Бізбен бірге бұл тарихи сәттің куәсі болыңыздар!", - деп қосты клуб өкілдері.

    Айта кетсек, матчтың басталуына бірнеше сағат барына қарамастан, алматылықтар мен қала қонақтары Орталық стадион маңына жиналды.

    Бүгін, 30 қыркүйекте қазақстандық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі жеребесі аясында өз алаңындағы дебюттік ойынын өткізеді.

    "Қайрат" – "Реал" тарихи матчы: алматылық клуб жанкүйерлеріне үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.