"Әсем таулары ұнады": "Реалдың" бапкері Алматыда көбірек уақыт өткізгісі келгенін айтты
Опубликовано:
Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо "Қайратпен" өткен матчтан кейін баспасөз мәслихатында Алматы қаласынан қандай әсер алғанын айтты. Ол Қазақстанның оңтүстік астанасында көбірек уақыт өткізгісі келгенін жасырмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Хаби Алонсо "Қайрат" командасы туралы пікір білдіріп, алматылық клубтың айтарлықтай қолайсыздық тудырғанын жоққа шығармады.
"Қайратқа" қарсы ойында еркін көсіле алмадық. Алматы клубы бізге айтарлықтай қолайсыздық туғызды. Бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырып, алқымнан алды деуге болады. Әсіресе ойын басындағы қарқыны бізді таңғалдырды. "Қайрат" Чемпиондар лигасында ойнауға әбден лайық команда", - деді "Реалдың" бас бапкері.
Оған қоса испаниялық маман Алматыдан алған әсерін бөлісті. Хаби Алонсоға оңтүстік астананың таулары ерекше ұнаған көрінеді.
"Алматыдағы атмосфера ерекше әсер қалдырды. Егер уақытым болса, мұнда біраз уақыт аялдар едім. Қаланың әсем таулары да қатты ұнады. "Қайратқа" шын жүректен сәттілік тілеймін", - деді Хаби Алонсо.
Айта кетейік, алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасында өз алаңында мадридтік "Реалдан" ойсырай жеңілді. Орталық стадиондағы кездесу 0:5 есебімен испаниялық команданың жеңісімен аяқталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2292231-asem-taulary-unady-realdyng-bapkeri-almatyda-kobirek-uaqyt-otkizgisi-kelgenin-aitty/