"Реалдан" жеңілген "Қайрат" Чемпиондар лигасында нешінші орынға жайғасты
Опубликовано:
Читать на русском
Алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде екі рет жеңіліске ұшыраған болатын, бүгінде клуб турнирлік кестеде нешінші орынға жайғасқаны анықталды, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматылықтар сырт алаңда "Спортингтен" 1:4 есебімен, өз алаңында "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен жеңілді.
Басылым ақпаратына сәйкес, қазақстандық клубтың активінде ұпай жоқ — салынған және жіберілген голдардың айырмасы -8-ді құрағаннан кейін турнир кестесінде "Қайрат" соңғы, 36-орында тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Алматының Орталық стадионында өткен кездесуде "Реал" 5:0 есебімен "Қайратты" жеңген болатын. "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойынды қорытындылады. Испаниялық бапкер Алматыда көбірек уақыт өткізгісі келетінін мойындады.
Артынша алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында "Реалмен" өткен ойынға қатысты өз пікірін ортаға салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2292258-realdan-zhengilgen-qairat-chempiondar-ligasynda-neshinshi-orynda-tur/