Куртуа "Қайрат" – "Реал" ойынынан кейін Шерхан Қалмұрзаны желі парақшасында белгіледі
Опубликовано:
Читать на русском
Мадридтік "Реал" мен Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа матчтан кейін жария еткен желідегі жазбасында "Қайрат" командасының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны белгіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлемнің үздік қақпашыларының бірі өз Instagram парақшасында Алматыдағы ойыннан алған әсерін бөлісті.
"Үлкен жеңіске жету жолындағы өте сенімді ойын. Әлемдегі ең үздік клубтың капитандық байлауышымен шығу үлкен толқыныс тудырады!", - деп жазды Тибо.
Ол "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзамен сөйлесіп тұрған сәтінен де фотоны бөлісіп, тіпті жазбасында қазақстандық жас спортшыны белгілеп өткен.
Естеріңізге сала кетейік, Алматының Орталық стадионында өткен кездесуде "Қайрат" "Реалдан" 5:0 есебімен ойсырай жеңілген болатын. "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойынды қорытындылады. Испаниялық бапкер Алматыда көбірек уақыт өткізгісі келетінін жасырмады.
Артынша "Қайратының" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында "Реалмен" өткен ойынға баға берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2292263-kurtua-qairat-real-oiynynan-keiin-sherhan-qalmurzany-zheli-paraqshasynda-belgiledi/