jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Солтүстік Македония қақпасына ғажап гол соққан қазақстандық футболшы матчқа қатысты пікір білдірді

    Дінмұхаммед Қараман
    Дінмұхаммед Қараман. Фото: instagram.com/kff_team

    Солтүстік Македония қақпасына керемет гол соққан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дінмұхаммед Қараман ойыннан алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды Qazsport.

    Футболшы допты қарсылас қақпасына өзінің үстінен асыра тепті.

    "Матчтан кейінгі эмоция өте керемет. Сырт алаңда тең түскенімізге шүкір дейміз, бірақ ұтуға да болатын еді. Бұл нәтижеге де қанағат. Шынымды айтсам, шешімді миллисекундта қабылдадым. Тәуекелге бардым, гол кірді сөйтіп" - деді жартылай қорғаушы.

    Оның айтуынша, жаттықтырушы оларға матч алдында өз ойынын ойнауды, яғни, шабуылдап, тік пас беру арқылы ойнауды тапсырған.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Қазақстан мен Солтүстік Македония ӘЧ-2026 іріктеу турнирінде 1:1 есебімен тең түсті, бірақ Қазақстан құрамасына бұл есеп 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік берген жоқ.

    Солтүстік Македония қақпасына ғажап гол соққан қазақстандық футболшы матчқа қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.