jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алматылық "Хан-Тәңірі" клубының 19 жастағы футболшысы көз жұмды

    Диас Төлеу
    Диас Төлеу. Фото: ҚФФ баспасөз қызметі

    Алматылық "Хан-Тәңірі" клубының шабуылшысы Диас Төлеу көз жұмды. Ақпаратты Қазақстан футбол федерациясы растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Федерация өкілдері марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтты.

    "Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лигада өнер көрсететін "Хан Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Диас Төлеудің кенеттен дүние салғаны туралы хабарлайды. Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ командасына қайғыра көңіл айтады. Бұл – қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр әрі орны толмас қайғы.

    ҚФФ бас хатшысы Давид Лория мен кәсіпқой клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Алматы қаласына шұғыл аттанады. Алдағы уақытта құзырлы органдармен бірлесе отырып, оқиғаны ресми тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылады", - делінген хабарламада.

    "Серый кардинал" Telegram-каналының хабарлауынша, қайғылы жағдай Бірінші лиганың кезекті матчы кезінде болған.

    "Хан-Тәңірі" клубының ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, көз жұмды", - делінген жазбада.

    Алматылық "Хан-Тәңірі" клубының 19 жастағы футболшысы көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.