Алматылық 19 жастағы футболшының қайтыс болуына қатысты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді
Опубликовано:
Читать на русском
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 19 жастағы футболшының өліміне қатысты түсінік берді. Ол ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 2006 жылы туған пациент Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне клиникалық өлім жағдайында түскен.
Пациентті ауруханаға оқиға орнында кезекшілік атқарған жеке жедел жәрдем көлігі әкелген.
"Пациенттің түскен кезде тамыр соғысы мен артериялық қан қысымы болмады, қарашығы үлкейген. Медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шара жүргізді, соған қарамастан аман алып қала алмады. Биологиялық өлім расталды", - деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Пациент өлімінің нақты себебін анықтау үшін дене сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
"Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз" - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лигада өнер көрсететін "Хан Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Диас Төлеудің кенеттен дүние салғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ Telegram желісіндегі "Серый кардинал" арнасы қайғылы жағдай Бірінші лиганың кезекті матчы кезінде болды деген ақпарат таратты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2298285-almatylyq-19-zhastagy-futbolshynyng-qaitys-boluyna-qatysty-qogamdyq-densaulyq-saqtau-basqarmasy-tusinik-berdi/