jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Бала күнгі арманым орындалды": Темірлан Анарбеков желіде әсерлі жазба жариялады

    Темірлан Анарбеков
    Темірлан Анарбеков. Фото: instagram.com/anarbekov_temirlan77/

    "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбековтың Instagram желісіндегі жазбасы бірнеше сағат ішінде ондаған мың лайк пен пікір жинады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Темірлан Анарбеков желідегі жазбасында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде негізгі құрамдағы алғашқы ойыннан кейінгі эмоциясын бөлісті.

    "Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ойын, тағы бір балалық арманым орындалды", - деп жазды Анарбеков.

    Небәрі 14 сағаттың ішінде жазбаға 32 000-нан астам лайк жиналып, 1200-ден астам пікір жазылды. Қазақстандықтар "Қайрат" қақпашысының шеберлігіне тәнті болып, есімі қазақ футболының тарихына енгенін атап өткен.

    "Темірланның арқасында біз "Реал Мадридті" тікелей эфирде көрдік. Темірлан – аңыз адам, ол Қазақстан футболының тарихын жасады", "Көз тимесін", "Анарбеков – ең үздік. "Реалға" қарсы ойында алаңға шыққанда, біз бес гол жібермес едік", "Үздік қақпашы", - деп пікір қалдырды қазақстандықтар жазбаға.

    Естеріңізге сала кетейік, Анарбеков жарақатына байланысты Алматыдағы "Реалға" қарсы ойынға қатыса алмады. Оның Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ойыны кипрлік "Пафос" командасымен тең аяқталды.

    Айта кетейік, матчтан кейін желіде жанкүйерлер Анарбеков туралы оң пікір білдірген, сондай-ақ УЕФА оны үздік қақпашылар қатарына қосқан еді.

    "Бала күнгі арманым орындалды": Темірлан Анарбеков желіде әсерлі жазба жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.