jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қайрат" қатарынан екінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды

    "Қайрат" ФК
    "Қайрат" ФК. Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі

    Алматының "Қайрат" футбол клубы 2025 жылғы Қазақстан премьер-лигасында (ҚПЛ) қатарынан екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алматыдағы Орталық стадионда өткен "Қайрат" пен "Астана" матчының соңғы 26-турында командалар чемпиондық титул үшін таласты. Алаң иелері чемпиондық атағын қорғау үшін жеңілмеуге тиіс еді. Матчта командалар 1:1 есебімен тең түсті.

    Қонақтар 15-минутта хорватиялық вингер Марин Томасовтың соққан голының арқасында алға шықты. "Астана" капитаны албаниялық жартылай қорғаушы Назми Грипшидің пасынан кейін Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтен айласын асырып, гол салды.

    "Қайрат" үзілістен кейін таразы басын теңестіре алды. Голды 56-минутта Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев салды.

    Тең түсу алматылықтарға 59 ұпаймен бірінші орында қалуға мүмкіндік берді. "Астана" 57 ұпаймен екінші орынды иеленді. Қостанайлық "Тобыл" 54 ұпаймен қола жүлдені еншіледі.

    Осылайша "Қайрат" қатарынан екінші рет және өз тарихында бесінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Алматылық клуб 2026/27 жылғы еурокубок маусымында УЕФА Чемпиондар лигасында тағы да бақ сынасады. "Астана" да Конференциялар лигасындағы науқанын осы кезеңде бастайды.

    Елордалық клуб ҚПЛ тарихындағы ең жүлделі клуб (жеті титул) болып қала береді. Бұл көрсеткіш бойынша "Қайрат" "Ақтөбемен" және Павлодардың "Ертісімен" бірге екінші орынға жайғасқан.

    "Қайрат" қатарынан екінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.