jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Интер" "Қайратпен" ойыны қарсаңында қазақ тілінде жазба жариялады

    Интер
    "Интер" клубы жариялаған видеодан кадр: instagram.com/inter

    Миландық "Интер" алматылық "Қайратпен" ойыны қарсаңында Instagram желісіндегі парақшасында қазақ әнінің сүйемелдеуімен қазақ тілінде жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Матч 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні Миланда өтеді, ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 1:00-де басталады.

    "Интермен" ойын Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында өтеді.

    Қазақстандық клубпен матч қарсаңында "Интер" Instagram желісінде бұрынғы футболшы, қазір "Атлетико" жаттықтырушысы Диего Симеоненің мұрағатынан видео жариялады. Видеода Симеоне гол соққан сәтті көруге болады. Жазбаны қазақша әнмен сүйемелдеген.

    "Симеоне дәл және өте әсерлі гол соқты. Осындай контент үшін "жазылу" түймесін басыңыз", - делінген жазба сипаттамасында.

    Видео қазақстандық желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын туғызды. Қазақстандықтар алматылық клубты қолдайтындықтарын білдірді.

    Айта кетейік, "Қайраттың" орталық қорғаушысы Александр Мартынович жарақатына байланысты УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы "Интерге" қарсы ойынға қатыса алмайды.

    "Интер" "Қайратпен" ойыны қарсаңында қазақ тілінде жазба жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.