jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Лондонда өтетін "Қайрат" – "Арсенал" матчының билеті қанша тұрады

    "Қайрат" командасы
    "Қайрат" командасы. Фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі

    "Арсенал" – "Қайрат" матчына билеттер бағасы белгілі болды. Ойын Лондонда 2026 жылдың 29 қаңтарында өтеді, деп хабарлайды лондондық клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Матч УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің сегізінші туры аясында "Эмирейтс" стадионында өтеді.

    "Арсенал" билет бағасы 44,80 - 84 фунт стерлинг (шамамен 30 000 - 50 000 теңге) аралығында болатынын мәлімдеді.

    Қазіргі уақытта "Арсенал" Чемпиондар Лигасының турнирлік кестесінде 12 ұпаймен көш басындағы командалар қатарында тұр, ал "Қайратта" – 1 ұпай. Қазақстандықтар 34-орында.

    Өткен аптада алматылықтар итальялық "Интерден" жеңіліп қалды – матч Миланда өтті.

    Лондонда өтетін "Қайрат" – "Арсенал" матчының билеті қанша тұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.