jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "-4 градус": "Олимпиакос" футболшылары Астана әуежайына қона сала жергілікті ауа райына қатысты пікір білдірді

    футболшылар
    "Олимпиакос" ойыншылары Астанаға ұшып келді. Видеодан кадр: instagram.com/olympiacosfc

    УЕФА Чемпиондар лигасы аясында алматылық "Қайратқа" қарсы ойнайтын Грекияның "Олимпиакос" футбол клубының ойыншылары Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Грекиялық клубтың баспасөз қызметі Instagram желісіндегі сторис бөлімінде "Олимпиакос" ұшағының Астана әуежайына қонған сәтінен кадрлар жариялады. Гректер бірден желідегі оқырманын Қазақстан астанасындағы ауа райы туралы хабардар етті.

    "-4 градус", - делінген қысқа бейнежазбаның сипаттамасында.

    Бұған дейін қазақстандық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өз алаңындағы соңғы матчтарын Астанада өткізетінін хабарлағанбыз. Команданың өз алаңында өтетін екі ойыны қалды. Грекиялық "Олимпиакос" (Пирей) командасымен матч 9 желтоқсанда, ал Бельгияның "Брюгге" командасымен 20 қаңтарда өтеді деп жоспарланған.

    Олимпиакос
    "Олимпиакос" ФК Instagram-дағы сторисі: instagram.com/olympiacosfc

    "-4 градус": "Олимпиакос" футболшылары Астана әуежайына қона сала жергілікті ауа райына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.