"Қайрат" – "Олимпиакос матчы": жанкүйерлер үшін арнайы шаттл автобустар қатынайды
Опубликовано:
Бүгін, 9 желтоқсанда елорданың "Астана Арена" стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында алматылық "Қайрат" грекиялық "Олимпиакосқа" қарсы ойнайды. Осыған байланысты Астана әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қала әкімдігінің мәліметінше, матч күні көрермендер үшін стадионға арнайы автобустар қатынайды.
Автобустар мына орындардан жүреді:
- 1. "Қалалық цирк" автотұрағы;
- 2. "Әзірет Сұлтан" мешітінің автотұрағы;
- 3. "Қазақстан" спорт кешенінің автотұрағы;
- 4. Орталық парк автотұрағы;
- 5. "Бас мешіт" автотұрағы.
Автобустар 18:00-де қозғала бастайды және екі бағытта қатынайды. Көрермендерге жиналу орындарына 17:30-ға дейін келу ұсынылады.
Матч кезінде Астана қаласының полиция департаменті қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шамамен 2800 полиция қызметкері жұмылдырылады, оған патрульдік бөлімшелер, учаскелік инспекторлар және кинологиялық қызмет кіреді.
Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарында көлік қозғалысына шектеулер енгізілмейді. Астана полициясы көрермендерге қоғамдық тәртіпті сақтауды, құқық қорғау қызметкерлерінің нұсқаулықтарын орындауды ескертеді және матчқа қауіпсіз әрі ыңғайлы жету үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2318294-qairat-olimpiakos-matchy-zhankuierler-ushin-arnaiy-shattl-avtobustar-qatynaidy/