jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қайрат" U-19 командасы "Олимпиакос" жастарын айқын басымдықпен жеңді

    "Қайрат" U19 командасының ойыншылары
    "Қайрат" U19 командасының ойыншылары. Фото: Telegram/Qazporttv

    Алматының "Қайрат" U-19 командасы УЕФА жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы турда Грекияның "Олимпиакосын" қабылдап, жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Ойынның төртінші минутында Рамазан Бағдат қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Үзілістен кейін де алматылықтар басымдығын сақтап, 57-минутта Мұхамедәлі Әбіш тағы бір гол соғып, нәтижені бекітті – 2:0.

    Бастапқы құрамда Шерхан Қалмұрза, Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Адлан Нұрғалиев, Шыңғыс Дүйсенбек, Мухамедәлі Әбіш, Карим Мұхаметжан, Мансұр Бірқұрманов, Әкежан Қалиқұлов және Рамазан Бағдат алаңға шықты.

    "Қайрат" U-19 бұл жеңіспен жалпы кезеңдегі алғашқы толық үш ұпайын еншілеп, жарысты төрт ұпаймен қорытындылады. Бұған дейін жастар командасы Португалия, Испания, Кипр және Италия жастарынан жеңіліп, Дания клубымен тең түскен еді.

    Айта кетейік, бүгін, 9 желтоқсанда елорданың "Астана Арена" стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында алматылық "Қайрат" грекиялық "Олимпиакосқа" қарсы ойнайды. Матч сағат 20:20-да Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    "Қайрат" U-19 командасы "Олимпиакос" жастарын айқын басымдықпен жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.