jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы матчының үздік ойыншысы атанды

    Темірлан Анарбеков
    Темірлан Анарбеков. Фото: Данияр Ахметов / "Қайрат" ФК баспасөз қызметі

    Чемпиондар лигасы аясындағы "Қайрат" пен "Олимпиакос" клубтары арасындағы кездесуде Темірлан Анарбеков үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Командалар УЕФА Чемпиондар лигасының алтыншы туры аясында кездесті. "Астана Аренада" өткен кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

    Ойынның 73-минутында Анарбековтің қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы –португалиялық шабуылшы Желсон Мартинш. Қазақстан құрамасының қақпашысы матч барысында сегіз сейв жасады.

    "Оның көптеген сейві айып алаңының ішіндегі соққылардан болды, осылайша "Олимпиакостың" ірі есеппен жеңуіне тосқауыл болды", - деп түсіндірді УЕФА техникалық сарапшылары.

    Матчта Темірлан Анарбеков "Қайрат" капитаны болды. Бұл – оның Чемпиондар лигасындағы төртінші ойыны. Жалпы қазақстандық қақпашы алты гол өткізген, 26 сейв жасап, бір матчта (кипрлік "Пафос" командасымен 0:0 есебімен тең түсті) қақпаға гол кіргізбеді.

    "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы матчының үздік ойыншысы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.