jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасының рейтингінде көш бастады

    Темірлан Анарбеков
    Темірлан Анарбеков. Фото: instagram.com/anarbekov_temirlan77

    Алматылық "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларының рейтингінде Мбаппені басып озып, көш бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

    Басылымның мәліметінше, Чемпиондар лигасының алтыншы турынан кейін SofaScore статистикалық порталы ойыншылардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстандық қақпашы қазіргі уақытта бірінші орында тұр.

    Рейтингте Темірлан Анарбеков 8,90 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында ПСЖ шабуылшысы Дезери Дуэ 8,50 ұпаймен, ал үшінші орынға "Реал Мадрид" шабуылшысы Килиан Мбаппе 8,33 ұпаймен жайғасқан.

    Турнирдің жалпы кезеңінде Анарбеков төрт кездесу өткізгені көрсетілген, қалған екі ойында қақпада Шерхан Қалмырза тұрған еді.

    Сондай-ақ Темірлан Анарбеков "Қайрат" пен "Олимпиакос" командалары арасындағы матчта да үздік ойыншы атанды.

    Ойын 9 желтоқсанда "Астана Аренада" өткен еді және қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Анарбеков "Қайрат" капитаны ретінде алаңға шыққан.

    Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасының рейтингінде көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.