Сауд Арабиясының ханзадасы "Барселона" футбол клубын сатып алуы мүмкін
Опубликовано:
Читать на русском
Белгілі журналист Сауд Арабиясының тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед бин Салман "Барселона" футбол клубын сатып алу туралы ұсыныс жасауды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Француз журналисі Франсуа Гальярдо Сауд Арабиясы ханзадасының әлемдегі ең танымал футбол клубтарының бірін сатып алу ниеті бар екенін X желісіндегі парақшасында жариялады.
"Сенсациялық жаңалық! Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман "Барселонаға" 10 млрд еуро ұсынбақшы. "Барселонаның" қарызы 2,5 млрд еуродан асады және оны төлеу оңай болмайды. Жалғыз кедергі – клуб мүшелері, бірақ... Жаңалық күтіңіздер!" - деп хабарлады журналист.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2320917-saud-arabiiasynyng-hanzadasy-barselona-futbol-klubyn-satyp-aluy-mumkin/