"Қайрат" өз алаңында бельгиялық "Брюггеден" жеңіліп қалды
Опубликовано:
УЕФА Чемпиондар лигасы матчында қазақстандық "Қайрат" футболистері өз алаңында бельгиялық "Брюгге" командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жалпы кезеңнің жетінші туры "Астана Аренада" өтті. Бұл "Қайрат" үшін өз алаңында өтетін соңғы матч болған. Қонақтар 4:1 есебімен алаң қожайындарын жеңіп кетті.
"Қайрат" Чемпиондар лигасында осымен төртінші мәрте жеңіліп отыр. Алматылықтар жеті кезеңнен кейін әлі де соңғы, 36-орында келеді. Рафаэль Оразбахтиннің командасы плей-оффқа шығу мүмкіндігінен біржолата айырылды. Соңғы турда "Қайрат" ағылшынның "Арсеналымен" (Лондон) додаға түсіп, бақ сынайды. Ойын 28 қаңтарға жоспарланған. Ал "Брюгге" болса, алдағы уақытта франциялық "Марсель" командасымен кездеседі. Бүгінгі ойыннан соң бельгиялық футболшылар жеті ұпай жинап, 23-орынға көтерілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2333676-qairat-oz-alangynda-belgiialyq-briuggeden-zhengilip-qaldy/