Актөбеге Луиш Нани келді: футболдан Еуропа чемпионын ақтөбеліктер қалай қарсы алды (видео)
Опубликовано:
Португалия футболисті Луиш Нани Ақтөбеге келді. Алдағы уақытта ол жергілікті клуб қарамағында өнер көрсетеді деген болжам бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ақтөбе" клубының фанаттары ашқан Instagram-аккаунтында Нанидің қала әуежайына келіп жеткен видеосы жарияланды. Португалиялықты клуб басшысы Марат Оспанов қарсы алғанын көруге болады.
Артынша Нани "Ақтөбе" академиясының жас футболшыларының алдына сахнаға шықты. Сахна дағы экранда "Ақтөбеге қош келдіңіз!" деп жазылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2335173-aktobege-luish-nani-keldi-futboldan-europa-chempionyn-aqtobelikter-qalai-qarsy-aldy-video/