jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шерхан Қалмұрза "Қайратпен" келісімшартты ұзартты

    Шерхан Қалмұрза
    Шерхан Қалмұрза. Фото: instagram.com/kallmurza

    18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза "Қайрат" командасымен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды алматылық клубқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа келісім 2028 жылғы 30 қарашаға дейін есептелген.

    Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза мадридтік "Реалмен" өткен тарихи кездесуден кейін ел мақтанышына айналды.

    Ол жарақатына байланысты алаңға шықпай қалған негізгі екі қақпашыны алмастырды.

    Кездесу соңында Шерхан "Реалдың" әйгілі қақпашысы Тибо Куртуамен футболка алмасты. Оған қоса мадридтік клубтың қақпашысы Instagram-дағы парақшасында қазақ баласымен түскен фотосын жариялап, оны белгілеп қойды.

    Ал жас футболшының ойынына көңілі толған қазақстандықтар оған ризашылығын білдіріп, бірі көлік мінгізді.

    Шерхан Қалмұрза "Қайратпен" келісімшартты ұзартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.