Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды
Опубликовано:
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфинов тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері болып үшінші рет тағайындалып отыр.
Бұған дейін ол 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманың тізгінін ұстады.
Белгілі маман бірқатар отандық футбол клубында бапкер болған. Әр жылдары "Есіл-Богатырь" (Петропавл), "Ақсу", "Ертіс" (Павлодар), "Ақжайық" (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеген.
Футболшы мансабында "Ертіс", "Металлург", "Еңбек", "Экибастузец", "Жетісу" және "Восток" клубтарында ойнаған.
Айта кетелік, Әли Әлиевтің отставкасынан кейін былтыр 30 қыркүйекте Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып бекітілген еді.
Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2336760-talgat-baisufinov-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasynyng-bas-bapkeri-boldy/