jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымында қанша табыс тапты

    футбол
    Футбол матчы. Фото: David Price/Arsenal FC via Getty Images

    2025/26 маусымда Алматының "Қайрат" футбол клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ойнады. Сарапшылар клубқа бұдан қанша пайда түскенін есептеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

    Басылымның мәліметінше, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан қазақстандық клуб 18,62 млн еуро немесе 11,23 млрд теңге табыс тапты.

    Кипрлік "Пафос" командасымен болған тең ойыннан "Қайратқа" тағы 700 мың еуро (422,1 млн теңге) табыс түсті.

    Осылайша клубтың жалпы табысы – 19,32 млн еуро немесе 11,65 млрд теңге болды. Басылым мәліметінше, Еуропа кубогы маусымы аяқталғаннан кейін бұл сомаға телевизиялық және маркетингтік құқықтарды сатудан түскен кіріс қосылады.

    Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" кеше түнде ағылшындық "Арсеналмен" сырт алаңда ойнап, жеңіліп қалды. Матч 3-2 есебімен аяқталды. Осылайша тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан "Қайрат" плей-оффтың 1/16 финалына өте алмады.

    "Қайрат" "Арсеналдан" бөлек Чемпиондар Лигасының жалпы кеңеңінде тағы алты ойында жеңіліс тапты:

    Португалияның "Спортинг" (1:4),

    Испанияның "Реал" (0:5),

    Италияның "Интер" (1:2),

    Данияның "Копенгаген" (2:3),

    Грекияның "Олимпиакос" (0:1),

    Бельгияның "Брюгге" клубы (1:4).

    Жалпы алматылық клуб сегіз ойында бір ғана ұпай жинап, соңғы, 36-шы орынға жайғасты.

    "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымында қанша табыс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.