jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары тізіміне енді

    Темірлан Анарбеков
    Темірлан Анарбеков. Фото: instagram.com/anarbekov_temirlan77/

    Алматылық "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасы 2025-26 жылғы маусымының негізгі кезеңіндегі үздік қақпашылар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Kazinform.

    Агенттіктің хабарлауынша, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысушы командалардың қақпашылары жасаған сейвтер саны бойынша жарияланған статистикалық деректерге сәйкес ол көшбасшылар қатарына енді.

    Аталған турнирдің сегіз турынан кейін Темірлан Анарбековтің еншісіне 36 сейв жазылған, бұл – барлық қатысушы команда қақпашылары арасындағы үшінші көрсеткіш.

    Ал көш басында норвегиялық "Бодо Глимт" клубының ресейлік қақпашысы Никита Хайкин тұр, ол қақпаға бағытталған 49 соққыны қайтарған. Екінші орында испаниялық "Реал Мадрид" клубының бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа (41 сейв) жайғасты.

    Ал Темірлан Анарбековтен кейін франциялық "Марсель Олимпик" командасының аргентиналық қақпашысы Хиронимо Рулли (ол да 36 сейв) және чехиялық "Славияның" қақпашысы Йиндржих Станек (34 сейв) тұр.

    UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алғашқы екі турында "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрза 11 сейв жасап үлгерді.

    Айта кетсек, негізгі кезеңде "Қайрат" Португалияның "Спортингіне" 1:4, Испанияның "Реал Мадридіне" 0:5, Италияның "Интеріне" 1:2, Грекияның "Олимпиакосына" 0:1, Данияның "Копенгагеніне" 2:3, Бельгияның "Брюггесііне" 1:4, Англияның "Арсеналына" 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің "Пафосымен" 0:0 есебімен тең түсті.

    Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары тізіміне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.