"Қайраттың" белді спортшысы алматылық клубтан кетті
Опубликовано:
Алматылық "Қайрат" клубының белді спортшысы, 30 жастағы қорғаушы Егор Сорокин сары-қаралар сапынан кетті. Бұл туралы клубтың Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қорғаушы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты алматылық клубтағы ойынын аяқтаған.
"Егор 2024 жылғы жазда "Кайратқа" қосылып, команда қорғанысының маңызды бөлігіне айналды. Сары-қаралар сапында ол Қазақстан чемпионатын екі рет және Суперкубокты жеңіп алды. Айта кетерлігі, "Селтикпен" болған ойындағы пенальти сериясындағы шешуші голы командамызды УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығарды.
"Кайратта" бір жарым жыл ішінде Сорокин 54 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
"Кайрат" ФК Егорға кәсібилігі мен команданың жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, әрі қарайғы мансабында сәттілік пен жаңа жетістік тілейді", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2337309-qairattyng-beldi-sportshysy-almatylyq-klubtan-ketti/