jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қайрат" ресми мәлімдеме жасап, жанкүйерлерінен кешірім сұрады

    "Қайрат" пен "Пахтахор" футболшылдары
    "Қайрат" пен "Пахтахор" футболшылдары. Фото: t.me/fc_kairat

    Алматылық "Қайрат" клубы кеше, 7 ақпанда ташкенттік "Пахтахорға" қарсы бақылау матчын өткізген болатын. Алайда қазақстандық жанкүйерлер бұл матчты көре алмады. Оған трансляция жасау кезіндегі қиындықтар себеп болған. Бұл туралы клуб Telegram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.

    Эфир танымал қосымшада көрсетілуге тиіс болған. Алайда қосымшада теледидар сигналына байланысты көрсетілгендіктен, трансляция платформада да қолжетімсіз болды.

    ""Қайрат" ФК "Пахтакорға" қарсы бақылау матчының трансляциясына қатысты жағдай үшін кешірім сұрайды.

    Клуб эфирді ұйымдастыру үшін өзіне жүктелген барлық міндеттемені толық орындады.

    Бірінші тайм таратушының бағдарлама кестесіндегі өзгерістерге байланысты эфирге шықпады. Екінші тайм барысында техникалық ақау болды. Таратушының мәліметінше, бұл стадиондағы электр қуатына қатысты мәселеден туындап, трансляция сигналының үзілуіне себеп болған", - делінген хабарламада.

    "Қайрат" ресми мәлімдеме жасап, жанкүйерлерінен кешірім сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.