jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада УЕФА президентін сайлау өтеді

    УЕФА логотипі
    УЕФА логотипі. Фото: Photo by Daniela Porcelli/Getty Images

    Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы УЕФА-ның 51-ші конгресі 2027 жылғы 4 наурызда Қазақстан астанасында өтетінін ресми жариялады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҚФФ-ның мәліметінше, бұл шешім Брюссельде өткен УЕФА-ның мерейтойлы 50-ші конгресінде хабарланған. Конгреске Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қатысқан.

    УЕФА конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Іс-шара аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданады, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ УЕФА-ның басшы органдары сайланады.

    "51-ші конгресс сайлау форматында өтеді. Астанада УЕФА президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланады. Осылайша, Қазақстанда алдағы жылдары Еуропа футболын дамыту бағытын айқындайтын шешімдер қабылданады.

    Конгресті өткізу құқығы ұйымға мүше елдерге сенім білдіру мен олардың футболды дамытуға қосқан үлесін мойындау белгісі ретінде беріледі. Қазақстанда 51-ші конгрестің өтуі елімізде бұрын-соңды өткен ең ірі халықаралық футбол жиындарының бірі болмақ және еліміздің еуропалық футбол қауымдастығындағы позициясын нығайтуға, сондай-ақ спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Жалпы алғанда, УЕФА конгресінің Қазақстанда өтуі – отандық футбол үшін маңызды кезең. Бұл Еуропа футбол қауымдастығы тарапынан жоғары деңгейдегі сенімнің айқын көрінісі саналады", - делінген хабарламада.

    ҚФФ өкілдері конгресті ұйымдастыру және өткізу УЕФА қаражаты есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті.

    "Яғни бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттен қаржы жұмсалмайды және еуропалық футбол ұйымының халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан тікелей үлесі болады", - делінген хабарламада.

    Астанада УЕФА президентін сайлау өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.