Футболдан Қазақстан құрамасы Түркістанда Венгрияға қарсы матч өткізеді
Опубликовано:
Футболдан Қазақстан құрамасы Түркістанда Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды, Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ҚФФ ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өткізу жөнінде Венгрия футбол федерациясымен келісімге келген.
"2026 жылғы 9 маусымда тарихы мен тамыры жақын мажар бауырларымызбен киелі шаһардың "Түркістан Арена" стадионында жүздесеміз", - делінген хабарламада.
Бұл кездесу Қазақстан мен Венгрия құрамалары арасындағы үшінші матч болмақ. Бұған дейінгі екі ойында Қазақстан құрамасы бір рет жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2343084-futboldan-qazaqstan-quramasy-turkistanda-vengriiaga-qarsy-match-otkizedi/