2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
Опубликовано:
Бельгия астанасы Брюссельде 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ҚФФ-ның мәліметінше, Қазақстан құрамасы С лигасында 3 топқа түскен. Қарсыластары – Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамалары.
Ұлттар лигасы матчтары қыркүйек айында басталады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар жоғары дивизионға өтуге мүмкіндік алады.
Сондай-ақ 2028 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін ойнайды.
Бұдан бөлек, ұлттық құрама маусымда Түркістанда Венгрияға қарсы матч өткізеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2343138-2026-27-zhylgy-uefa-ulttar-ligasy-qazaqstan-quramasynyng-qarsylastary-anyqtaldy/