Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Сарыарқа» клубы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалы туралы: Жеңіс үшін бәрін беруге дайынбыз

Жарияланған күні:

ХК “Сарыарка”
Фото: Parimatch Kazakhstan

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты финалға өтті. Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері Петерис Скудра «Арлан» клубына қарсы өтетін бірқатар матчтарға дайындық барысы туралы айтып берді.

Хоккейден Қазақстан чемпионатының финалы жақындап қалды, онда еліміздің қазіргі чемпионы «Сарыарқа» клубы мен осы атаққа үміткер Көкшетау қаласының «Арлан» хоккей клубы кездеседі. Бұл ойында Қарағандылық ​​командаға оның бас серіктесі — Қазақстандағы №1 онлайн букмекерлік кеңсе атанған Parimatch компаниясы қолдау көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарағандылық қырандар Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымының жеңімпазы атанып, IIHF континенталдық кубогының суперфиналында күміске қол жеткізген еді. Команданың жеке ойыншылары да ерекшеленді - 29 жасар Сергей Барбашев үздік шабуылшы атағын иеленді.

ХК “Сарыарка”
Фото: Parimatch Kazakhstan

Елге оралған соң команда плей-офф кезеңінде алға шығып, 11 сәуірде «Номадпен» өткен кездесуде финалға шығу үшін барын салды. Ойын тартысты өтіп, тек қосымша уақыттың 71-минутында Степан Грымзиннің дәл көздеген соққысымен аяқталды. Қазір команда қайта күш жинап, финалға дайындалуда.

«Сарыарқа» ХК-ның бас бапкері Петерис Скудра жаттығудың қалай өтіп жатқанын айтып берді:

«Ойынды әдеттегідей сеніммен күтудеміз. Күш жинап, ем алуға бір-екі күніміз болды. Ал қазір финалға қызу дайындалып жатырмыз. Ең алдымен жігіттерді физикалық тұрғыдан шыңдаймыз, мұз айдынына жақсы дайындықпен шыққымыз келеді».
Петерис Скудра
Петерис Скудра. Фото: Parimatch Kazakhstan

«Арлан» ХК екінші финалист атанды. 11 сәуірде өткен ойында көкшетаулық клуб «Бейбарыс» ХК-нан 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды. Қарағандылықтар финалда қай қарсыласпен кездесетінін білу үшін нәтижені асыға күтті.

Скудраның айтуынша:

«Арлан» — тәжірибелі команда, жеңісті оңайлықпен бермейтіні анық. Біз ойынның әр микроэлементін назардан тыс қалдырып алмас үшін бар күшімізді салуға тырысамыз».
ХК “Сарыарка”
Фото: Parimatch Kazakhstan

Финалдық кездесулер сериясы 16 сәуірде басталады. «Сарыарқа» ХК-ын жетістікке жетелеп келетін маңызды факторлардың бірі – оның адал жанкүйерлерінің, сондай-ақ команданың серіктесі – Қазақстандағы №1 онлайн-букмекері болып табылатын Parimatch-тың қолдауы. Сұқбатты пайдаланып, Скудра клубтың жаңа титулын асыға күтіп жүрген жанкүйерлеріне алғысын білдірді:

«Құрметті жанкүйерлер, сіздердің эмоцияларыңыз арқылы берілетін қолдауларыңыз үшін көп рақмет. Әрқайсымыз жеңіс үшін барымызды беруге дайынбыз, бірақ сіздерсіз мұның мәні болмас еді. Баршаңызды алдағы ойында асыға күтеміз!».

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1965211-saryarqa-kluby-xokkeiden-qazaqstan-cempionatynyn-finaly-turaly-zenis-usin-barin-beruge-daiynbyz/