Жазда көптеген кәсіпқой спортшы чемпионаттар мен жүйелі жаттығуларынан аздап тынығып алады. Олар осындай кезеңде немен айналысады? Бұл туралы жаңа хоккей маусымы қарсаңында "Сарыарқа" ХК-ның ойыншысы Мадияр Ыбырайбеков әңгімелеп берді.
Қарағандылық "Сарыарқа" хоккей клубы маусымды сәтті өткізді. Команда Қазақстанның тұрақты чемпионатында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Финалда көкшетаулық «Арланнан» алтынды тартып алып, үшінші рет еліміздің ең үздік клубы атағын жеңіп алды. Parimatch №1 онлайн-букмекері клубтың қолдаушысы және негізгі серіктесі болып табылады.
"Қырандардың" қорғаушысы - Мадияр Ыбырайбеков алдағы маусым туралы өз ойымен бөлісті және кәсіпқой атлет ретінде демалысты қалай барынша пайдалы етіп өткізетіндігі туралы әңгімелеп берді.
- Келесі маусымның алдында қандай сезімдесіз? Қандай да бір үміттер мен жоспарлар бар ма?
- Басты мақсат – чемпионатта жеңіске жету. Маусым өте қызықты болады деп күтілуде: Континенталды кубок пен Қазақстан кубогы болады, біз онда жеңуіміз керек. Қазір демалыстамыз, бірақ мүмкіндігінше өзімізді формада ұстауды жалғастырамыз. Ал шілдеде оқу-жаттығу жиыны басталады, онда біз чемпионатқа дайындықты бастаймыз. Үмітіміз үлкен!
- Өткен маусымда қандай ойындар немесе қандай сәттер есіңізде ерекше қалды?
- "Арланға" қарсы финалдық кездесулер жақсы есімде — серия өте қиын болды. Әсіресе жетінші ойын әсерлі өтті. Қарқындылығы жағынан, ойын деңгейі жағынан, жанкүйерлердің қызу қолдауы жағынан оны ҚХЛ-мен салыстыруға болар еді. Алған әсерлеріміз ұмытылмастай болды!
Жеке мен үшін өткен маусым ойын сәттерінде де, командамен күнделікті жағдайларда да тәжірибе алу тұрғысынан өте қызықты болды. Мен мансабымда алғаш рет үш жаттықтырушымен қатар жұмыс істедім, сондықтан маусым жақсы және нәтижелі болды деп ойлаймын. Ал чемпион атағы қуанышымызды еселеп жібергендей.
- Соңғы ойындар сәуірде өтті. Үзіліс кезінде осы қалпыңыздан шығып қалмас үшін не істейсіз?
- Бір апта демалдым, эмоциялық тұрғыдан да демалыс болды. Содан кейін жаттығу залына бара бастадым, жүгіруді қолға алдым. Спорттық қалпыңды жоғалту оңай, бірақ қалыпқа келу өте қиын, сондықтан мен ең көбі он күн демалып, жұмысқа ораламын. Ауыр жаттығулардың қажеті жоқ – тартылуға, жүгіруге және салмағыңызды ретке келтіруге болады, жарақаттарыңызды емдесеңіз де жеткілікті. Мысалы, мен ойымды ретке келтіру үшін футбол, теннис немесе шахмат ойнағанды ұнатамын.
- Ойындар мен жаттығулар арасында демалуға мүмкіндік қаншалықты жиі туады ?
- Демалу керек, әйтпесе жүйке жүйесіне салмақ түседі. Сауығу үшін бассейн, массаж, монша пайдалы және ұйқыны дұрыс ұйымдастыру маңызды. Медитация да көмектеседі, мен онымен бірнеше жылдан бері айналысып келемін. Тіпті жай ғана серігуде пайдалы - киноға бару немесе серуендеу.
Мен кітап оқығанды ұнатамын, музыкамен айналысамын, рэп оқимын. Тіпті өзіме үйде дыбыс жазатын студияны сатып алып, шығармашылығымды дамытпақ боп тырыстым. Бұл спорттан кейін миды артық ойдан босаңсытуға жақсы көмектеседі, өйткені ол басқа нейрондарды тартады. Мен тұлғалық дамытуды да қолға алдым. Сосын хоккей туралы жаңалықтарды қадағалап қана қоймай, жаңа дағдыларды меңгеремін. Шет тілдерін үйрене бастадым, қазір бағдарламалауға да қызығушылығым артып жүр.
- Әлеуметтік желілерді жиі қолданасыз ба? Оларды қалай пайдаланасыз?
- Әлеуметтік желілерді пайдаға асыра білу керек. Мысалы, блог ашып, жеке брендіңді дамыту дегендей. Қазір бәрі дерлік онлайн өмір сүруде, ал әлеуметтік желілер осы бағытағы мықты құрал. Кәсіпқой спортшыларға өзін көпшілікке таныстыру үшін және жанкүйерлерден кері байланыс алып отыру үшін сауатты құрастырылған парақша қажет. Мен өзімнің инстаграмымды (@fiftywan), дамытуды қолға алдым, жаңа жазылушыларды көруге әркез қуаныштымын.
- Қарсыластарыңыз бен жанкүйерлеріңізге жаңа маусым алдында не тілер едіңіз ?
- Қарсыластарға жақсы ойын, тартыстың әдемі әрі әділетті өтуін тілеймін. Жеңіс мықтыларға бұйырсын!
Фанаттарға бізге барынша қолдау көрсетіңіздер дер едім, себебі біз үшін бұл өте маңызды. "Сарыарқаның" жанкүйерлерін жақсы көреміз, үзілісте сағынамыз. Жаңа маусымда баршаңызды ойынымызда күтеміз!
Сонымен қатар біздің бас демеушіміз – Parimatch компаниясына да алғыс айтамын. Сіздерді алдағы уақытта қуанту үшін бар күшімізді салуға тырысамыз және ортақ мүддеміз – Қазақстанда хоккейді дамыту жолында ерінбей еңбек етуге дайынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1975827-cempiondyq-rep-zane-meditaciya-saryarqa-xk-nyn-oiynsysy-zana-mausymga-daiyndygy-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.