
"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Металлургке" қарсы өткізіп, ірі есеппен ұтылды. Елордалық ұжымның қақпасына соққан екінші голды Николой Голдобин ерекше атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Барыс-Аренада" өткен матчта елордалық ұжым Магнитогорск қаласынан келген клубтан ірі есеппен ұтылды.
Кездесудің бесінші минутында "Металлург" хоккейшілері Яковлев пен Карповтың нәтижелелі пасынан кейін Николой Голдобин есепті еселеді (0:2).
Осыдан соң 27 жастағы шабуылшы голын "Манчестер Юнайтед" пен Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналдудың стилінде "тойлады".
Айта кетейік, "Барыс" пен "Металлург" арасындағы матч 0:5 есебімен аяқталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1993897-reseilik-xokkeisi-barys-qaqpasyna-soqqan-golyn-ronaldudyn-stilinde-toilady/