"Барыс" хоккей клубы өз айдынында тағы да жеңілді
Опубликовано:

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Амур" ұжымына қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Барыс Аренада" өткен матчта елордалық ұжым 1:3 есебімен ұтылды.
Кездесудің нәтижесі:
"Барыс" (Астана, Қазақстан) — "Амур" (Хабаровск, Ресей) 1:3
Голдар:
1:0 — 18:02 Шайхмедденов.
1:1 — 19:21 Дубакин.
1:2 — 21:50 Дрозг.
1:3 — 59:48 Шаров.
Еске сала кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін уфалық "Салават Юлаев" командасына қарсы өткізеді. Матч 21 қараша күні болады деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1997942-barys-xokkei-kluby-oz-aidynynda-tagy-da-zenildi/