
"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын минсктік "Динамо" ұжымына қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Барыс" аренада өткен тартысты матчта елордалық ұжым қарсыласына есе жіберді.
Осылайша, "Барыс" турнирдің плей-офф кезеңіне берілетін жолдамадан айырылуға жақын.
Матчтың нәтижесі:
"Барыс" (Астана, Қазақстан) - "Динамо" (Минск, Беларусь) - 2:5
Мергендігімен көзге түскендер:
0:1 — 21:41 Спунер.
0:2 — 31:17 Меркли.
0:3 — 32:52 Горбунов (Спунер).
1:3 — 35:00 Михайлис (Рахманов).
2:3 — 42:01 Вей (Ножье, Шестаков).
2:4 — 50:57 Спунер (Барберио).
2:5 — 58:11 Горбунов (Алистров).
Еске сала кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін қытайлық "Куньлунь Ред Стар" командасына қарсы өткізеді. Матч 18 ақпан күні болады деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2009578-barys-oz-aidynyda-manyzdy-matcta-zenilip-qaldy/