Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы барлық кездесуде жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Хоккейден Қазақстан командасының мүшесі
Хоккейден Қазақстан командасының мүшесі. Фото: icehockey.kz

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында шайбалы хоккейден бірінші дивизионның В тобында өткен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы барлық матчта жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сувондағы әлемдік сында бес матч өткізген қазақстандықтар барлық кездесуде жеңіліске ұшырады.

Виктория Сазонова шәкірттері Ұлыбританиядан 0:1, Словениядан 1:2, Италиядан 0:3, Польшадан 2:3 және Оңтүстік Кореядан 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Өз тобында ең соңғы орында қалған Қазақстан әйелдер құрамасы екінші дивизионның "А" тобына түсіп қалды.

Бұл топта бес кездесудің барлығында жеңіске жеткен Оңтүстік Корея құрамасы бірінші дивизионның "А" тобына жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2017905-xokkeiden-qazaqstan-quramasy-alem-cempionatyndagy-barlyq-kezdesude-zenilip-qaldy/