Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Parimatch пен Қазақстан хоккей федерациясы көпжылдық ынтымақтастықты аяқтау туралы шешімге келді

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch Kazakhstan

Үш жыл жарқын хоккей оқиғаларынан кейін Parimatch халықаралық беттинг-компаниясы мен Қазақстан хоккей федерациясы көпжылдық ынтымақтастықты аяқтау туралы өзара шешімге келді. Серіктестердің отандық хоккейді қолдауға және дамытуға деген ұмтылысында қандай биіктерге жеткенін еске түсіретін уақыт келді.

Біздің бастамамыз 2020 жылы Parimatch PRO Hokei Ligasy чемпионаты мен Қазақстан Кубогының титулдық серіктесі болған кезден бастау алады. Демеушілік қолдау уақтылы көрсетіле бастаған сәтте пандемия басталып, матчтарды өткізу қиынға соқты, бұл спорттың дамуын айтарлықтай баяулатты. Бір жылдан кейін компания екі өңірлік командамен - "Теміртау" және "Сарыарқамен" серіктестік туралы келісімшартқа қол қойды. Соңғысымен Parimatch осы күнге дейін ынтымақтастықты жалғастыруда.

2022 жылы Parimatch және ҚХФ алғашқы нәтижелерін бөлісіп, келісімшарттың кеңеюі туралы жариялады. Жаңа келісімге Қазақстанның барлық чемпионаттары: ерлер (PRO), әйелдер (QYZDAR), жастар (JASTAR) және әуесқойлармен (TUNGI) титулдық серіктестік кірді.

Сонымен, осы үш жылда не істелді? Әріптестер хоккейді танымал ету аясындағы басты жетістік Іnhockey хоккей бөлімшесі бар Іnsport телеарнасын құру деп санайды, бұл қазақстандықтарға жергілікті және халықаралық чемпионаттардың матчтарын жоғары сапада тамашалауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Parimatch ұлттық және аймақтық деңгейде хоккейді дамыту мақсатында ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруына бірнеше рет қатысты. Олардың ішінде: U-18 санатындағы Eurasia Star Cup 2023 халықаралық жарысы және 3х3 ерекше форматындағы Ice Games турнирі . Сондай-ақ, бренд хоккейден әлем чемпионатының жыл сайынғы ойындарында Қазақстан құрамасын белсенді түрде қолдап отырды.

Компания қазақстандық хоккей федерациясына жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және Қазақстан чемпионатының және еліміздің дарынды спортшыларының өркендеуіне тілектес.

"Үш жыл ынтымақтастық үшін өте жақсы мерзім. Бір жағынан, Қазақстанда хоккейді дамыту бойынша әсерлі бірлескен жұмыс жасалды. Сондықтан біз үшін бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Бірақ біз алға өрлеу туралы шешім қабылдадық, өйткені спорт бір орында тұрмайды, үнемі қозғалыста болады. Бұл біз үшін де, федерация үшін де жаңа бастамаларымызда жақсы серпін алуға мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деді Parimatch Kazakhstan демеушілік бөлімінің өкілі Виктория Андреева.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2028529-parimatch-pen-qazaqstan-xokkei-federaciyasy-kopzyldyq-yntymaqtastyqty-ayaqtau-turaly-sesimge-keldi/

pixel