Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" капитаны құрлықтық хоккей лигасындағы 400-ұпайын еншіледі

Опубликовано:

"Барыс" хоккей клубының ойыншылары
"Барыс" хоккей клубының ойыншылары. Фото: hcbarys.kz

"Барыс" хоккей клубының капитаны Роман Старченко "Металлургке" қарсы матчта құрлықтық хоккей лигасындағы 400-ұпайын еншіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Барыстың" ресми сайтына сілтеме жасап.

37 жастағы шабуылшы кеше магнитогорскілік "Металлургке" қарсы өткен ойында шайба соғып, командаласына нәтижелі пас берді. Соның арқасында Старченко лига тарихында 400 ұпай олжалаған бір қорғаушы мен 16 шабуылшының қатарына қосылды.

Қазіргі таңда оның қоржынында 210 гол мен 191 нәтижелі пас бар. Спортшы 400 ұпайдың 386-сын "Барыс" сапында еншілеген.

"Барыс" пен "Металлург" командалары арасындағы матч 3:4 (ОТ) есебімен магнитогорскілік клубтың жеңісімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2041206-barys-kapitany-qurlyqtyq-xokkei-ligasyndagy-400-upaiyn-ensiledi/

pixel