jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы сырт алаңда сенсация жасады

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Елордалық "Барыс" ҚХЛ аясында өткен ойында ресейлік "Автомобилист" хоккей клубынан басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Екатеринбургта өткен ойын 2:3 есебімен жерлестеріміздің пайдасына аяқталды. "Барыс" сапынан Михаил Рахманов 10-минутта есеп ашса, артынша алаң иелері 14-минутта Андрей Обидиннің арқасында есеп теңестірді. Ойынның 36-минутында Максим Мусоров "Барысты" тағы да бір мәрте алға шығарды. Дегенмен "Автомобилист" сапында 43-минутта Анатолий Голышев көзге түсіп, ойындағы тең нәтижені тіркеді.

    Осылайша негізгі ойын бөлігінде жеңімпазды анықтай алмаған қос ұжым, өзара буллиттер сериясын өткізді. Нәтижесінде, 0:2 есебімен "Барыс" хоккей клубы жеңіске жетіп, ҚХЛ лигасындағы төрт ойынға созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойды.

    Айта кетейік, бүгінгі ойыннан кейін "Барыс" хоккей клубы турнирлік кестеде бесінші орынға жайғасты. Енді елордалық ұжым 4 қарашада ресейлік "Ак барс" хоккей клубымен ҚХЛ қарсаңында кездесу өткізеді.

    Материал авторы: Ерасыл Сайлауғали

    "Барыс" хоккей клубы сырт алаңда сенсация жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.