jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне шыға ала ма

    "Барыс" ХК
    "Барыс" ХК. Фото: hcbarys.kz

    Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында соңғы орындарда және плей-офф кезеңіне шыға алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Елордалық "Барыс" хоккей клубы соңғы ойында ресейлік "Ақ Барс" командасына 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында 29 ойын өткізіп, 23 ұпай жинаған қазақстандық клуб 11 орында тұр.

    Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін Шығыс конференциясында кем дегенде үздік 8 команданың қатарына қосылу керек. Турнир кестесінің қазіргі жағдайына қарасақ, "Барысқа" қарағанда 2 ойын кем өткізген 8-орындағы "Нефтехимиктің" өзінде 29 ұпай.

    "Барыс" хоккей клубы – ҚХЛ-дың Шығыс конференциясындағы 12 команданың ішінде өз қақпасына ең көп шайба жіберіп алатын команда. Ғалым Мамбеталиевтің командасы 29 матчта қарсылас қақпасына 67 шайба салса, өз қақпаларына 92 шайба өткізіп алған.

    Айта кетейік, "Барыстың" келесі ойыны 10 қарашада Пекин қаласының "Куньлунь Ред Стар" ұжымына қарсы болады.

    "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне шыға ала ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.