jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық хоккейшілер Франция ұлттық құрамасын ойсырата жеңді

    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы
    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы. Фото: icehockey.kz

    Хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионатының кезекті ойынында Қазақстан U20 құрамасы Франциядан басым түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Хоккейден Будапеште өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы үшінші матчында Қазақстан U20 құрамасы Франция жастар ұлттық құрамасын жеңіп кетті. Қазақстандық спортшылар қарсыластарынан 4:0 есебімен басым түсті.

    • 1:0 – Нұркенов (Бреус) – 08:48;
    • 2:0 – Смолянинов (Ермак, Логвин) – 31:19;
    • 3:0 – Нұркенов (Ким, Оразов) – 52:10;
    • 4:0 – Ким (Смолянинов, Ляпунов) – 53:59.

    Айта кетейік, хоккейден Қазақстан құрамасы жастар арасындағы Әлем чемпионатындағы алғашқы ойындарының барлығында жеңіске жетті. Топтық кезеңнің бірінші матчында Венргия құрамасын 5:2 жеңсе, Дания құрамасын 3:2 есебімен қапы қалдырды. Кеше, 13 желтоқсан француздықтарды жеңіп, топтық кезеңде көш басына шықты.

    Қазақстандық хоккейшілер Франция ұлттық құрамасын ойсырата жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.