Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында елордалық "Барыс" командасы өз алаңында Ресейдің "Лада" (Тольятти) клубын қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Матч қорытындысы бойынша "Лада" командасы 0:3 есебімен жеңді. Ресейлік клуб сапынан Никита Попугаев (11-минутта), Андрей Алтыбармакян (31-минутта) және Трой Джозефс (39-минутта) шайба соқты.
Осылайша "Барыс" ҚХЛ-да қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырады. Елордалық клуб осыған дейін Ресейдің "Ақ Барс" (Қазан) командасынан 0:1, кейін "Салават Юлаевтан" (Уфа) 3:5, содан соң "Трактор" (Челябі) клубынан 1:5 есебімен жеңілген еді.
Қазір астаналық команда Шығыс конференциясының турнир кестесінде 40 ұпаймен соңғы 12-орында тұр.
Енді "Барыс" 16 қаңтарда өз алаңында "Салават Юлаев" хоккей клубымен кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2055647-barys-xokkei-kluby-qatarynan-tortinsi-ret-zenilip-qaldy/