jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды

    "Барыс" және "Лада" клубы арасындағы матч
    "Барыс" және "Лада" клубы арасындағы матч. Фото: hcbarys.kz

    Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында елордалық "Барыс" командасы өз алаңында Ресейдің "Лада" (Тольятти) клубын қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Матч қорытындысы бойынша "Лада" командасы 0:3 есебімен жеңді. Ресейлік клуб сапынан Никита Попугаев (11-минутта), Андрей Алтыбармакян (31-минутта) және Трой Джозефс (39-минутта) шайба соқты.

    Осылайша "Барыс" ҚХЛ-да қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырады. Елордалық клуб осыған дейін Ресейдің "Ақ Барс" (Қазан) командасынан 0:1, кейін "Салават Юлаевтан" (Уфа) 3:5, содан соң "Трактор" (Челябі) клубынан 1:5 есебімен жеңілген еді.

    Қазір астаналық команда Шығыс конференциясының турнир кестесінде 40 ұпаймен соңғы 12-орында тұр.

    Енді "Барыс" 16 қаңтарда өз алаңында "Салават Юлаев" хоккей клубымен кездеседі.

    "Барыс" хоккей клубы қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.