jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы "Автомобилист" командасынан жеңіліп қалды

    "Барыс" пен "Автомобилист" арасындағы матч
    "Барыс" пен "Автомобилист" арасындағы матч. Фото: hcbarys.kz

    Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойында астаналық "Барыс" клубы Ресейдің "Автомобилист" (Екатеринбург) командасына есе жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Матчтың алғашқы шайбасын 15-минутта ресейлік клуб сапынан Степан Хрипунов салды. Ойынның 50-минутында "Барыс" хоккейшісі Портус Оберг есепті теңестірді. Кейін қарсылас командадан Кёртис Волк (52-минутта), Анатолий Голышев (56-минутта) мергендік танытты. Ал 57-минутта елордалық клуб сапынан Кристиан Хенкель көзге түсіп, қақпаға шайбаны дәл бағыттай алды. Бірақ ойын 2:3 есебімен аяқталып, "Автомобилист" клубының пайдасына шешілді.

    Қазір "Барыс" командасы Шығыс конференциясының кестесінде 11-орында тұр. Ал "Автомобилист" 4-орында келеді.

    Еске салайық, бұған дейін елордалық клуб Мәскеудің "ЦСКА" командасына есе жіберген еді (5:2).

    Енді "Барыс" 24 қаңтарда Ресейде "СКА" (Санкт-Петербург) командасына қарсы ойнайды. Кейін 26 қаңтарда "Лада" (Тольятти) клубымен кездеседі.

    "Барыс" хоккей клубы "Автомобилист" командасынан жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.