Магнитогорск қаласының (Ресей) "Металлург" хоккей клубы финалда "Локомотивті" жеңіп, 2023/24 жылғы маусымдағы Гагарин кубогының иегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Металлург финалдық серияның соңғы ойынында қарсыласын 2:1 есебімен ұтты. Матчтағы бірінші шайбаны "Локомотив" ойыншысы Ярослав Лихачев (8-минут) соқты, одан кейін Магнитогорск хоккейшілері қарсыластарының қақпасына екі рет гол соғып, Гагарин кубогын үшінші рет жеңіп алды.
Еске салайық, чемпион командада Қазақстан құрамасының бірқатар ойыншылары өнер көрсетеді. Олардың арасында ұлттық құраманың көшбасшысы Никита Михайлис те бар. Одан бөлек, қазақстандық Валерий Орехов пен Максим Мұхаметов өнер көрсетеді.
Сондай-ақ Магнитогорск клубында ұлттық құрамамыздың екі бұрынғы ойыншысы Алексей Маклюков пен Павел Акользин ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2090774-metallurg-sapyndagy-ush-qazaqstandyq-hokkeishi-gagarin-kubogynyng-chempiony-atandy/